Демалыс күндері карантин шаралары күшейтіледі

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қанат Ғайнеденовтың 2020 жылғы 15 тамыздағы №62 қаулысына сәйкес 17 тамыздан бастап облыстағы шектеу шаралары жеңілдетіліп, кейбір қоғамдық нысандардың жұмысына рұқсат етілген болатын. Дегенмен қаулы мәтінінде көрсетілгендей демалыс күндері кейбір карантин шаралары қайта күшейтіледі.

Осыған орай 22-23 тамыз күндері Атырауда:

- халықтың қозғалысын шектеу;

- қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;

- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу;

- сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;

- азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға;

- СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметін тоқтата тұруға;

- балалар түзету кабинеттерінің, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының, фитнес орталықтарының, моншалардың, сауналардың қызметін тоқтата тұруға міндетті.

Айта кетейік, Атырау облысы бойынша карантин 31 тамызға дейін жалғасатын болады.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз