Бірлесе білген ел бәрін жеңеді

Мемлекеттік егемендік туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда қабылданғаны белгілі. Бұл  Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуының  алғашқы қадамы болатын.

Декларацияда  ұлт ретінде тәуелсіз ел болып, оның территориялық аумағы бөлінбейтіні, қол сұғылмайтыны анық көрсетілді. Ал мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінді. Құжатта адам құқықтары мен бостандығы толық қамтылып, еркін тұлға қалыптастыру идеясы көрініс тапты. Бастысы, ұлт ретінде даму жолын таңдап, мәдени, діни ерекшелікті сақтап, өз тағдырын өзі шешу құқығы бекітілді. Бүгінде міне Қазақстан әлем мойындаған іргелі мемлекетке айналды.

Біз аудандағы Ауған соғысы ардагерлері еліміздің егемендігін,  ұлт тұтастығын алғашқы  орынға қоямыз. Біз соғыс өрті шарпыған жат жерде жүргенде елімізге деген сағынышымызбен қатар  мұндай қан төгілген дүрбелеңнен алыс болғанын тіледік. Бүгінгі жас ұрпақ  біз сияқты соғысты көрмей, бейбітшілік пен берекеде болғанын тілейміз. Біз қаруластарымыз қай уақытта да Қазақ елін қорғауға даярмыз. Халқымыздың әрдайым бірлігі мен ынтымағы жарасқан болса бізге жаһандағы  әр тарапқа құбылып тұрған геосаясаттың дүлейі де  нұқсан келтіре алмайды. Бірлесе білген ел ел бәрін жеңеді.

Әрдайым да тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!

Республика күні құтты болсын.

Әйтимов Самат Базарғалиұлы,

Индер аудандық  Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің  төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521