БИЛІК УӘДЕСІН ОРЫНДАУҒА МҮДДЕЛІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әр сөзінде «Билік өзінің халық алдындағы уәдесін орындауға міндетті» деген ойды үнемі қайталап, еске салумен келеді. Оны соңғы Үкімет мүшелерімен өткен кеңейтілген кеңестің үстінде де әлденеше рет атап көрсетті.

Осындайда тарихшы маман ретінде данышпан Мхатма Гандидің айтатын «жеті әлеуметтік кінәдан» сақтандыруы еске түседі. Ол: Принципсіз саясат; еңбексіз байлық; ар-ұятты жоғалтып рахатқа бату; ақиқатсыз білім; имандылықсыз сауда; ізгіліксіз ғылым; Құдайға құрбандықсыз құлшылық ету сияқты «кінәлерден» ада болғанда ғана еліміздің соны биіктерді бағындырары анық.

Қазақстанды жарқын болашаққа, игі жетістіктерге жету үшін аянбай еңбек етуге шақырған Президенттің Ұлттық қоғамдық кеңестің де жұмысын біртұтас іскерлік арнаға түсіріп, ортақ игілікке жұмыс істеуге жұмылдырса онда алар асуымыздың маңызы арта түсері сөзсіз.

Ал іштен ірісек, ілгерілеудің ешқашан бізбен бірге болмасын түсінетін кез де келіп жетті. Яғни, билік әрқашанда уәдесін орындап үлкен сенімге ие болуға ұмтылғаны баршамызға да тиімді.

Сағынтай КЕРЕШОВ,

жоғары санатты ұстаз.

«Нұр Отан» партиясы Құрылыс бастауыш ұйымының төрағасы

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21