Бала құқықтары басты назарда

Президент биылғы жылды балалар жылы деп жариялай отыра, балалардың құқықтарына аса көңіл бөлуді атап өткені белгілі.

Бұл бағытта Индер ауданы прокуратурасы бірқатар ықпал ету шараларын жүзеге асырды. Атап айтқанда бала-бақшалардағы мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау нәтижесімен негізсіз әрі тиімсіз жұмсалған 1,5 млн. теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды.

Бұдан басқа, мүгедек балалардың пайдалануына берілген мүлікті заңды тәртібін бұза отырып өзге мақсатқа пайдалану дерегі анықталды. Аудандағы 7 орта мектептегі оқушылардың ғаламтордағы ақпараттық қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеуі әшкереленіп, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінде 382 баланы тасымалдауға бөлінген 2 көлік құралының техникалық байқаудан өтпей қолдану дерегі анықталып, прокурордың қадағалау актісі бойынша аталған барлық заң бұзушылықтар жойылды.

Прокуратура қызметкерлері мүгедек балалардың тәрбиелену, білім алу жағдайының материалдық базасы сын көтермеуіне байланысты оны жақсарту мәселесін пысықтауға қатысты. Ықпал ету шараларының нәтижесінде 9 қызметкер, оның 8-і басшылық лауазым иелері әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2 730 баланың құқықтары қорғалды. Бала құқықтары саласындағы заңдылықтың сақталуы аудан прокуратурасының басты назарында.

Индер ауданы прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521