Азғыр ауылында Мәдениет үйі салынып жатыр

Азғыр ауылында жаңа мәдениет үйі, Асанда медициналық нысан салынуда. Сафон ауылында 9 шақырым кірме және ауылішілік автомобиль жолының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл жөнінде Құрманғазы ауданы басшысы Марат Мурзиев биылғы 7 айдағы жұмыс барысын баяндаған брифингте айтты. Аудандық маңызы бар 43 шақырымдық «Ақкөл – Ғ.Әліпов – Жыланды – 4 разъезд – Қиғаш» автомобиль жолы қайта жаңғыртылуда. Сондай-ақ, Ақкөл ауылының 10 шақырым ауылішілік автомобиль жолдарын тротуарымен қоса қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. – «7 разъезд-Асан-Балқұдық-Сүйіндік» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 36 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Сонымен бірге, облыстық маңызы бар «Құрманғазы Теңіз -Бірлік-Байда» жолының 29 учаскесіне күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда, – деді аудан әкімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521