Республикалық референдум күні Есбол ауылында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Есбол ауылындағы спорт кешенінің алдында өткен жәрмеңкеге "Байшұбар" шаруа қожалығы қатысып, қой етін 2 мың теңгеден сатса, "Бақдәулет" шаруа қожалығы жергілікті жуа, картоп, асқабақ, қауын өнімдерін халыққа қолжетімді бағада ұсынды.
Есбол ауылдық округінде 3 референдум учаскесі бар. Онда дауыс беруге құқығы бар 2743 адам тіркелген.
Ж.НАРИМАНОВА