Ауданда "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өтуде

Индер ауданында 14-15 шілде аралығында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізіледі. Акцияның мақсаты - тұрғындарға құқық бұзушылықтың профилактикасын, сондай-ақ, қоғамдық және жол қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мәселесі бойынша тұрғындарды ақпараттандыру және құқықтық білімдерін жетілдіру, қоғамда ұсақ бұзушылықтар жасауға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру, сондай-ақ, көші-қон заңнамасын түсіндіру.
Аталған акция 14 шілде күні Индербор  кенті, Зинеден Қабдешов көшесі 10 үй мекенжайында орналасқан аудандық полиция бөлімінің фронт офисінде және «Болат» сауда үйінің алдында өтуде.
Ал,  15 шілде күні Атырау-Индер тас жолы 154 шақырым тұсында өтеді деп жоспарлануда.

Осыған орай, аудан тұрғындары жеке сұрақтары бойынша сала мамандарымен жолығуына болады.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521