«Атырау-Д.Нұрпейісова» аралығына қатынайтын жолаушылар пойызының жүру уақыты өзгерді

«Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиев мәлімдеді»,-деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Атырау қаласынан Құрманғазы ауданының Д.Нұрпейісова ауылы аралығына қатынайтын пойыз биыл 17 тамыздан бастап жүре бастаған болатын. Осы жылдың 7 қарашасынан бастап Құрманғазы, Исатай ауданы тұрғындарының сұранысына орай пойыздың жүру уақыты өзгеріп отыр. Нақтылай айтсақ, жергілікті уақытпен Атырау қаласынан 18:10-да шығып, Д.Нұрпейсова бекетіне 00:36-да келеді.

Кері қайту уақыты Д.Нұрпейсова бекетінен 01:16-да шығып, Атырау қаласына таңғы 07:39-да келеді. «Құрманғазы, Исатай аудандарының тұрғындары облыс орталығына қандай да бір шаруаларымен келеді. Оларға күндізгі уақыт қолайлырақ. Сондықтан, жолаушылардың ұсыныстарын ескеріп, «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен келісе отырып, пойыздың жүру уақыты өзгертілді»,-деді басқарма басшысы.

Спикер билет құнында өзгеріс жоғын жеткізді. Айта кету керек, аталған бағыттағы пойызда жалпы 208 адамға арналған 4 плацкарт вагон бар. Санитарлық нормаларға сай, жалпы вагон қарастырылмаған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT