Ақпарат айқын, әрі жедел жетуі шарт

"Атырау- Ақпарат" ЖШС директоры Ы.Егембердиев Индер ауданында болып, тұрғындармен кездесті.

Алдымен аудан басшысы М.Қалауи өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңірек мағлұмат бере келе, мемлекет саясатын насихаттауда газеттің рөлі қашанда жоғары екендігін және қанша заман дамыса да өміршеңдігін жоймайтынын атап өтті.

Одан әрі Ысқақ Дүйсембайұлы қоғамның қозғаушы күші — ақпарат саласының бәсекеге қабілетті болуы бүгінгі күннің басты талабы екендігіне тоқтала келе, медиахолдингтің қолға алып жатқаны істері жөнінде әңгімеледі.

Соның бірі екі облыс, жеті аудандық газеттің жаңа форматқа көшуі. Бұл газетті оқуға ыңғайлы әлемдік деңгейдегі үлгі. Ол үшін баспасөздің мазмұнды болуы, оған қойылып отырған талап та әңгіме өзегіне айналды.

20201103_135916

Сондай-ақ "Атырау" мен "Прикаспийская коммуна" газеттерінің редакторлары Н. Шалабаева мен Н. Қосшиев баспасөздің бағдары бағытындағы өз ойларымен бөлісті.

Кездесуде Жарсуат округінің әкімі Ә. Балахметов газет оқу о бастан қалыптасқан үрдіс екенін, дегенмен басылымнан жаңа кейіпкерлерді, еңбек адамдары туралы жазылған мақалаларды көргілері келетінін айтты.

Кездесуді қорытындылаған Ы. Егембердиев келелі ой қозғаған баршаға ризашылығын білдірді.

А.Тұрғалиұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз