АҚЫНДАР КЕЛДІ АУДАНҒА

«Ұлттық құндылық ізімен: Сарайшыққа саяхат» жоспары бойынша Атырау облысынан келген ақын журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қасымхан Бегманов, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Зейнолла Сәнік» атындағы мәдениет қорының атқарушы директоры, айтыскер-ақын Серік Қалиев, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының бас кеңесшісі, ақын Әміржан Қосан бастаған арнайы топ келген болатын.

Елге белгілі ақындар осы сапар аясында Қаройдағы дауылпаз ақын, ақберен батыр Махамбет Өтемісұлының мазарына барып баба рухына құран бағыштады. Ақын Қасымхан Сейтханұлы 2003 жылы батырдың 200 жылдық мерейтойы аясын өткізілген республикалық поэзия кешін тебірене еске алды.

Ақындар аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлинмен кездесіп, шығармашылық бағыттағы жоспарларымен бөлісіп жергілікті қаламгерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

 

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT