АЭС салудың тиімділігі

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Атом электр стансасын салу мәселесіне ерекше тоқталып өткен болатын.

«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын» - деді Президент Жолдауында.

Жалпы, заман қарыштап дамыған сайын адамзат баласының қажеттіліктері күн санап артуда.

Президентіміз жолдауында айтқандай, баламалы энергия көздерін пайдалану күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі.

Сондықтан, бүгінді бағдарлы, келешекті кемел ету үшін АЭС салудың маңызы зор деп ойлаймын.

Сондай-ақ, АЭС бой көтеруі арқылы болашақта энергия көздерінен ешқандай кедергіге тап болмасымыз анық.

Оған дәлел, әлемде бірнеше дамыған елдер АЭС арқылы қуат көзін ұтымды пайдаланып отыр.

Айбол Долдашев,

«Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT