Сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір саналы адамның міндеті болуы керектігі сөзсіз. Алайда антикор Абай мен Шәкәрім сынды асылдарымыздың атын жамылып, суреттерін көрінген жерге іле салмай-ақ кеселмен күрестің басқа амалын тапса қайтеді. Құдайға тоқтамағандар Абайға тоқтайды деп ойлай ма екен?!
Қайткенде де төрде орын алған даңқты тұлғаларымыздың суреті аяқ асты болмаса екен...


