«Қаңтар оқиғасы» кезінде Қазақстанда 238 адам көз жұмған

«Олардың арасында бейбіт тұрғындар, қылмыскерлер де бар. Марқұм болғандардың тізімі Бас прокуратураның сайтында жарияланды» деп хабарлайды ATPress.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болғанындай, «қаңтар оқиғасы» бойынша 5000-нан астам қылмыстық іс тіркелген.
«Куә болуы мүмкін 10 мыңнан астам адамнан жауап алынды. 1237 күдікті адам қамауға алынды. 834 адам сотталды. 955 адамның ісі соттта қаралуда. Қазіргі уақытта 292 адамға қатысты тергеу жүріп жатыр. Олардың мемлекеттік нысандарға, құқық қорғау қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасағандары туралы жеткілікті дәлелдер бар» деп атап өтті ҚР Бас прокуратураның өкілі Елдос Қилымжанов.
Қаралы жағдайлармен көпшіліктің есінде қалған «Қаңтар оқиғасы» кезінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында қарулы топтар сауда орындары, әкімдіктер, телеарна, әуежайларды басып алған еді. Қарулы топтардың шабуылдарынан бөлек, ұрлық, тонау, зорлау, бейбіт адамдарды қорқытып, ұрып-соғу, өлтіру фактілері орын алды. «Қаңтар оқиғасы» мемлекетке 100 млрд. теңгеден астам шығын әкелді.
Баян Жанұзақова
Фото: ашық дереккөздерден алынды

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз