Жерлестеріміз жеңіске жетті

Атырауда дзюдодан жасөспірімдердің жас ерекшеліктері бойынша облыстың ашық біріншілігі өтуде. Аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінің аға бапкері Нариман Нұрашевтің айтуынша, алғаш болып 2008-2010 жылғы балғын дзюдошылар сынға түсті.

Олардың арасынан Қанат Заңғарбек пен ағайынды Мадьяр мен Нұрберген Бакетовтар және Әділ Дамир қола жүлдені жеңіп алса, Мәлік Әмірхан «Жеңіске жігері үшін» байрағын иеленді.

Ал 2003-2005 жылғы арасында Дайыр Дарын, Роллан Русланов, Мақсат Бакетов, Алмат Қазиев қола жүлденің иегерлері атанды.

-Алдағы күндері жасөспірімдердің 2002-2003, 1999-2000 жыл арасындағы облыстық жарыс Қазақстан чемпионатына іріктеу болмақ. Осы жауапты жарыстар алдында жаттығу жиындарын күшейту үстіндеміз, - деді аға бапкер Н.Нұрашев.

Саламат Б.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика