Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбатында жасанды интеллекттің ел дамуына ықпалына ерекше тоқталуы – уақыт талабынан туған өте өзекті мәселе. Президент ЖИ-ді экономиканың, басқарудың және білім беру саласының қозғаушы күшіне айналдыру қажеттігін нақты атап өтті.
Ұстаз ретінде мен үшін ең маңыздысы – жасанды интеллектті білім беру жүйесіне сауатты енгізу мәселесі. ЖИ оқушылардың жеке қабілетіне қарай білім алуға мүмкіндік беріп, мұғалімнің жұмысын жеңілдететін тиімді құрал бола алады. Алайда ол мұғалімді алмастырмайды, керісінше ұстаздың шығармашылық және тәрбиелік рөлін күшейтуі тиіс.
Президент атап өткендей, ЖИ дәуірінде ең бастысы – адами капитал. Сондықтан біз оқушыларға тек технологияны қолдануды ғана емес, сыни ойлау, жауапкершілік пен ұлттық құндылықтарды қатар сіңіруіміз қажет. Жасанды интеллектті игерген, бірақ ұлттық болмысы берік ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі ұстаздың басты міндеті деп санаймын.
М.Аманжолқызы
Ұстаз


