Мемлекет басшысының халыққа үндеуінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарын күшейту туралы нақты міндет қойылды. Соңғы жылдары әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген азаматтардың белгісіз себептерден көз жұмуы жиілеп кеткені рас.
Әлеуметтік желілерде еліміздің армиясына сенімсіздік туындайтын ой-пікірлер көптеп жазылды. Президент өз сөзінде армияның жастарға қолдау көрсетіп, оларды еліміздің нағыз азаматы етіп тәрбиелеп шығаруы керектігін, командирлер әскери-қызметшілерге үлгі өнеге болуы керектігін, әскерде әлемжеттікке, бұзақылыққа, рушылдыққа, жершілдікке мүлдем жол берілмеуі қажеттігін баса айтты. Халықтың басты сенері еліміздің Қарулы күштері! Жастардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты дарыту басты мақсатымыз деп білемін!
Н.Куспанов
аудандық мәслихат депутаты
Аққала орта мектебі директоры


