Атырауда «JasUp Mega Sumo Tournament – 2026» ашық республикалық робототехника турнирі өтті

2026 жылғы 6 қаңтарда Атырау қаласындағы *Senim* элиталық мектебінде «JasUp Mega Sumo Tournament – 2026» атты ашық республикалық робототехника турнирі *өтті. Аталған жарыс Қазақстанның әр өңірінен келген оқушыларды, студенттерді және педагогтарды бір алаңға **біріктірді*.

Турнирдің негізгі мақсаты Атырау облысында *STEAM-білім беру мен робототехниканы кеңінен насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық және инженерлік дағдыларын **дамыту, сондай-ақ спорттық робототехника саласында педагогтар арасында **тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау* болды. Іс-шара «Теңізшевройл» компаниясының Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын *JasUp* жобасы шеңберінде *ұйымдастырылды*.

Жарыс барысында қатысушылар жапондық сумо күресіне ұқсас форматта автономды роботтарын *сынады. Роботтардың басты міндеті қарсыласын ринг шекарасынан сыртқа **ығыстыру* болды. Робот сумосы әлемдегі ең танымал робототехникалық жарыстардың бірі болып *саналады, және жыл сайын мыңдаған оқушы осындай сайыстарға **қатысады*.

Турнирде жапондық *Mega Sumo* ережелері *қолданылды: роботтың өлшемі 20×20 см-ден, ал салмағы 3 килограмнан **аспады. Барлық роботтар толықтай автономды болып, датчиктерден келіп түскен ақпарат негізінде адамның араласуынсыз өздігінен **шешім қабылдады. Жеңіске жеткен командалардың роботтары жылдамдығымен, дәлдігімен, сенімділігімен, конструкциялық шешімімен және қарсыласын итеріп шығарудағы тарту күшімен **ерекшеленді*.

Турнирге 133 қатысушыдан құралған 57 команда *қатысты. Қатысушылар Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан **келді*.

«JasUp Mega Sumo Tournament – 2026» инженерлік ойлау қабілетін, командалық жұмысты және инновациялық әлеуетті дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды* және Қазақстанда *STEAM-білім беру мен робототехника саласының одан әрі дамуына серпін берді*.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT