Президент Қ.Кемелұлының "Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек. Бұл қазіргі жаңа технология дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден бір жолы" деп атап айтты "Turkistan" газетіне берген сұхбатында.
Әлемде кейбір үрдістер барша адамзаттың қалауына сай бола бермеуі мүмкін. Бірақ, көштен қалмау үшін сол үрдіске ілесу, тілін меңгеру аса қажет. Себебі, ол - ғылым. Ғылым жолы қашанда қиын әрі тұңғиық. Сол секілді цифрландыру мәселесі де біз меңгеруге және ел игілігіне қолдануға қажет аса маңызды дүние.
Ең бастысы, бұл бағытты адамзаттың игілігіне пайдалана білу. Бұл үшін уақыт көшіне ілесе отырып білім алудың маңызы зор, өзіміз де ұл-қызымыз да әлемде құлаш жайған үрдістер туралы білім меңгеріп, оны ел игілігіне пайдалануға ұмтылуы тиіс.
"Қазірдің өзінде нақты айта аламын: биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болады" деген түйіні елім деген әрбір қазақстандықтың жыл жоспары секілді.
Ендеше, еліміздің тағдырына әсер етуге өз үлесімізді қосайық. Сөзбен ғана емес, іспен де әрекет ету арқылы Қазақстанның жарқын болашағы үшін еңбектенейік!
Ақмарал Досымбетқызы
Аудандық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы


