Oxford University Press және Interpress баспаларының ұйымдастыруымен мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын дамытуға бағытталған «Teach to Inspire» ұлттық байқауына әріптесіміз Алтынай Мұханова қатысып, жүлделі II орынды иеленді.
Байқау нәтижесінде ол IELTS тапсыруға арналған арнайы сертификат пен марапатқа ие болды. Сайыс барысында қатысушылар үш кезең бойынша өз білім білігін сынады: бейнесабақ дайындау, авторлық эссе жазу және сабақ жоспарын әзірлеу.
Байқаудың басты мақсаты – заманауи оқыту тәсілдерін кеңінен насихаттау, үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтап, қолдау көрсету.


