Татарстаннан 1 алтын, 4 қола

Ресей Федерациясына қарасты Татарстан елінің Нижнекамск қаласында жасөспірімдер арасында еркін күрестен бүкілресейлік турнирдің жалауы желбіреді. Көрші елдің додасында индерлік палуандар 1 алтын, 4 қола медальды жеңіп алды.

Аса ауыр салмақ дәрежесінде елтайлық Ләш Ғибрат 1 орынды жеңіп алса, индерліктер Жомарт Нұрбек пен Сәттіғұл Арафат, Нұрберген Амандықұлы (Есбол), Құбайдолла Әділхан (Жарсуат) қола жүлдеге ие болды. Аудандық балалар спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің аға бапкері Салауат Қыраубаев айтып өткендей, бұл жарысқа ауданнан 2006-2010 жылғы балғын палуандар күш сынасып, жас та болса жүлдегерлер қатарынан көрінді. Татарстанға барғандардың көпшілігі Дархан Ізмұхановтың баптауындағы Жарсуат ауылының палуандары.

С.БАЗАРБАЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT