Спорт кешендері жөнделеді

Индер аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне және Бейбарыс көшесінде орналасқан күрес залының ғимаратына жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым, шілде, тамыз айларында жүргізіледі. Аталған кешен құрылыстары аяқталғаннан кейін, жасөспірімдердің спортпен айналысуына толық мүмкіндік болады.

Индер балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Биғамбаев Мәлік Қабдырашұлының айтуынша, қос ғимараттың жөндеу жұмыстары жаңа оқу маусымына дейін аяқталып, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Бүгінде спорт мектебінде 8 үйірме түрінен ( дзюдо, еркін күрес, бокс, самбо, футбол, волейбол, қазақша күрес) Индербор кенті бойынша 420 оқушы 33 топта шұғылданады.

sport-kesheni

Балалар 7 жастан бастап қабылданады және оларды спорт мектебінде 16 маман, күрес залында 2 білікті маман жаттықтырады. Бұл өз кезегінде балалардың бос уақытын тиімді өткізуге септігін тигізеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521