Қазақ күресін олимпиада деңгейіне көтеру шарт

Бұдан бұрын хабардар еткеніміздей, Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Дүниежүзілік "Қазақ күресі" федерациясының Халықаралық конгресі аяқталды.

Маңызды жиынға 27 елден өкілдер қатысты. Алдымен Біріккен күрес Әлемі Белбеу күресі комитетінің Президенті Ч.Сұлтанбекова осы кезге дейін көптеген жұмыстар атқарылғанын, дегенмен бүгінгі жиынның маңызы одан да зор екенін айтып, конгресс жұмысына сәттілік тіледі.

Жалпы федерацияның вице-президенті Б.Камалханұлының баяндамасынан ұққанымыздай, қазақ күресі біраз қанат жайған. Федерацияның атсалысуымен 7 Әлем, 11 Азия чемпионаты, 3 Әлем кубогі, 4 Еуропа, 20 Африка чемпионаты өткен.

sport

Сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем біріншіліктері, Тарбағатайда 7 рет өткен әлемдік Гран-При, Бразилия мен Пан-Америка чемпионаты, Нидерландының Суст қаласындағы Еуразия кубогі, қазақ күресі жабық ғимараттардағы V Азия ойындары, lll Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Оңтүстік Кореядағы Дүниежүзілік жауынгерлік күресі сияқты дүбірлі додалардың құрамына еніп, географиялық қамтылуы кеңейген.

Одан әрі атқарушы комитеттің ұсынысымен Дүниежүзілік "Қазақ күресі" федерациясының Президенттігіне Шпекбаев Алик Жатқамбайұлының кандидатурасы ұсынылып, қолдауға ие болды. Оған қоса Федерацияның вице-президенттері сайланса, Р.Хабиров төрешілер алқасының төрағасы болып бекіді.

Федерация президенті А.Шпекбаев:- Өз тарапымнан федерация жұмысының басты мақсаты - Халықаралық Олимпиада комитетінен оң бағасын алып, Олимпиада ойындары бағдарламасына енуді қолдаймын,- дей келе, негізгі жоспарларымен бөлісті. Жиын барысында өзге мемлекеттен келгендердің арасынан федерацияның вице-президенттері грециялық Петор Федорос, қытайлық Сонг Джианлин қазақ күресін одан әрі дамыту туралы ойларымен бөлісті.

Дендер- Ақпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика