Мәскеуден каратэшілер жүлдемен оралды

Мәскеуде каратэден Karate 1 Премьер-лига жарысы аяқталды. Қазақстандық каратэшілер бір күміс және үш қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.

"Финалдық кезеңде қазақстандық Ермек Айназаров бес дүркін әлем чемпионы, әлем рейтингінде үшінші орында тұрған әзірбайжандық Рафаэль Агаевпен кездесті. Өкінішке қарай, отандасымыз Ермек қарсыласына 1:0 есебімен есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін қос қазақстандық спортшы бірге шықты", - делінген таратылған ақпаратта.

Дархан Асаділов пен Дәулет Шымырбеков арасындағы кездесу Дәулеттің еншісіне шешілді. Сондай-ақ, 67 келіге дейінгі салмақта Дидар Әмірали грузиялық қарсыласын 8:0 есебімен жеңіп, қолаға қол жеткізді.

Әйелдер құрамасынан 68 келiден жоғары салмақта сынға түскен Софья Берульцева түркиялық Хокалгу Мелтемді 7:4 есебімен жеңіп, ел қоржынына үшінші қола жүлдені салды.

BAQ.KZ

Фото: дереккөз

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика