ӘЛЕМДІК ДОДА ДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Ақсуат ауылында отызға жуық мемлекеттен  палуандар қатысқан Қазақ күресінен әлемдік Гран-при өз мәресіне жетті.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында Қазақ күресінен әулиелік қасиетімен қатар көптеген өсімдіктерден дәрі жасап, халыққа шипасын дарытқан әулие Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран-при бәсекесіне 28 елінен палуан қатысты.

j

Дәстүрлі дода әулие кесенесі басында құран бағышталып, ас беруден басталып, ертесіне Ақсуат ауылындағы Ырғызбай Досқанаұлы атындағы стадионда жарыс шымылдығы ашылды. Мұнда 28 мемлекеттің туы тігіліп, осыншама киіз үй құрылып, барлық қатысушылар үшін толық жағдай жасалған. Дүбірлі доданы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Байбек Заманбекұлы ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеген соң палуандар арасында қызу тартыс басталып кетті. Боз кілемде білекті де, тәсілі мықты жігіттер іріктеліп, олар ақтық сында кездесті.

 

j

Сонымен 70 келіде - I орын Oгошвили Звиад (Грузия), II орын Tөлебеков Өскен (Қазақстан), III орын Робу Джиоридже (Молдавия), 80 кг - I орын Раджабов Камроз (Тәжікстан), II орын Мамулашвили Каха (Грузия), III орын Манасбаев Бекзат (Қазақстан), ал 80 келіден жоғары – I орын Нұғымаров Айбек (Қазақстан), II орын Қисамиддинов Мұқсин (Өзбекстан), III орын Катарадзе Георгйио (Грузия) иеленді. Жеңімпаздар дәрежелеріне қарай 2 млн, 1 млн және 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен қоса арнайы кубок, медаль, дипломдармен марапатталды. Жарыс соңында бас төрешісі, Біріккен күрес UWW қауымдастығының бас хатшысы голландиялық Авдуллаев Эдмар сайыстың жоғары дәрежеде өткенін айта келіп, спортшыларды жеңістерімен құттықтады. Сондай-ақ, осы жерде қазақ күресінің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Айта кетейік, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, жарыстың Бас хатшысы болып Хабиров Рафаэль қызмет атқарды.

Жанай АМАНТУРЛИН,

Шығыс Қазақстан облысы,

Өскемен қаласы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT