7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында ІХ Қысқы Азия ойындары жалауын желбіретеді, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитет байрақты бәсекені «Qazsport» арнасы апта бойы тікелей эфирде көрсететінін хабарлады.
Қысқы Азия ойындарында ел намысын 137 спортшы қорғайды. Жерлестеріміз 6 спорт түрінен 10 дисциплинада бақ сынап, 51 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде өтетін дүбірлі додағы биыл алтыншы рет қатыспақ.
Харбинде өтетін қысқы Азия ойындарына әлемнің 32 елінен жиналатын 1000 спортшы жүлдеге таласады.