Кіші аяқ доптан аудандық біріншілік өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Есбол ауылында кіші аяқ доптан аудандық біріншілік өткізілді.

Мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Шараның өтуіне аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі қолдау білдірді. Ойынға ауыл жастарынан құралған төрт команда қатынасты.

Шара ұйымдастырушысы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры міндетін атқарушы Темірлан Бертлеуов: «Елдегі жағдай қалыпқа келгені жақсы болды. Округте шара өткізуді қолға алып жатырмыз. Жастардың спортқа деген құлшыныстары артып келеді.

Осыны ескере отырып, ауыл жастарымен осы біріншілікпен шектелмей, алдағы уақытта түрлі бағытта кездесуді жоспарлап отырмыз» – дейді.

Ал, тартысты ойын нәтижесінде «Мешіт» командасы I орын, «1997 жылғы ауыл жастары» командасы II орын, «1999 жылғы ауыл жастары» командасы III орынға ие болды. Қатысушылар арнайы диплом, медаль, кубоктармен марапатталды.

Ж.НАРИМАНҚЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521