ИНДЕР ТӨРІНДЕ БАЛУАН ҚЫЗДАР БАҚ СЫНАДЫ

Жолбарыс» спорт клубының ұйымдастыруымен еркін күрестен қыздар арасында ауданның ашық біріншілігі өткізілді.

Мақсаты – спортшылардың спорттық шеберлігін арттырып, қыздар күресін насихаттау. Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткен жарыста алдымен Индербор кентінің әкімі Асхат Аймұратов пен спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

2009-2012 жылғы қыздар арасындағы ашық біріншілікке Орал қаласынан, Ақжайық және Индер ауданынан барлығы 35 қыз қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 30 кг салмақта Жанаргүл Аманғали (Орал), 33 кг салмақта Шахназ Құспан (Ақжайық), 36 кг салмақта Шынар Оралбайқызы (Ақжайық), 40 кг салмақта Мәдина Есет (Орал), 44 кг салмақ дәрежесінде Данагүл Алтайқызы (Индер), 50 кг салмақ дәрежесінде Ақтоты Хамидолла (Индер), 54 кг салмақ дәрежесінде Малика Жолдасқалиева (Индер), +54 кг салмақ дәрежесінде Фатима Дюсенғалиева (Индер) жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, үздік техникалық шеберліктерімен көзге түскен Ақтоты Хамидолла (Индер), Мадина Есет (Орал), Шынар Оралбайқызы (Ақжайық) «Үздік палуандар» деп танылды.

– Индер ауданында қыздар арасындағы еркін күрес жарысы алғаш рет өткізіліп отыр. Десек те қыздар өте жақсы дайындықпен келген. Осы орайда, жарысты өткізуге атсалысып, демеушілік жасаған «Евразия» сақтандыру компаниясы мен ауыл азаматтарына клуб атынан алғыс айтамын,- деді «Жолбарыс» спорт клубының жетекшісі Салауат Қыраубаев бізбен әңгімесінде.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521