"ЕУРАЗИЯ КУБОГІНІҢ" ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Ресейдің Орынбор қаласында дзюдодан 2005-2006, 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында "Еуразия кубогіне" арналған турнир өтті.

Алғаш рет ұйымдастырылған додаға Ресей, Қырғызстан, Грузия, Өзбекстан, Қазақстанның татами шеберлері қатысты. Турнирдің басты мақсаты – жасөспірімдерге патриоттық, жоғары адамгершілік қасиеттерді сіңіру, салауатты өмір салтын насихаттау және тәжірибе алмасу болып табылады. Үш күнге созылған белдесудің нәтижесінде Заңғарбек Қанат жеңіс тұғырының І сатысына көтеріліп, «Еуразия кубогінің» иегері атанды. Ол өз салмағында 6 белдесу өткізіп, әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Ал, қалған балуандар жүлделі орынға ие болмаса да жарыстың соныңа дейін белдескен.

- Менің дзюдомен айналысып жүргеніме 1 жылға жуық уақыт болды. Ақтық сында жерлес балуан Арсенмен кездесіп, «иппон» бағасымен тізе бүктіріп, өз салмағымда үздік атандым. Халықаралық турнирде алтыннан алқа тағып, жарыс жеңімпазы атанғаным үшін өте қуаныштымын. Мені жарысқа дайындаған бапкерлеріме алғыс айтамын,-дейді Заңғарбек Қанат.

-Бұл турнирге 10 балуан қатысты, оның 1-еуі жүлделі орынды иеленді. Халықаралық деңгейде өткен жарыстан мұндай көрсеткіш көрсетудің өзі - үлкен мәртебе. Жарыстан бөлек спортшыларымыз оқу-жаттығу жиынына қатысып, білікті тұлғалардан дәріс алып, шеберліктерін шыңдады,-дейді балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің бапкері Нариман Нұрашев.

Г.ИГІЛІКОВА.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика