Балғын баскетболшылар жарады

Ақмола облысының Щучинск қаласында 2006-2007 жылғы балалар арасында баскетболдан күзгі кезеңдегі Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Жарыстың финалдық ойынында ақтөбелік қарсыластарын 61:60 есебімен ұтқан облыстың «Атырау U-12» командасы бас жүлдені жеңіп алды.

Жеңімпаз команданың құрамында Индербордағы М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары Бақтығали Болатбек пен Асанәлі Кенжеалиев табысты өнер көрсетіп, чемпион атанды.

Жеңімпаз ойыншылардың бапкері, М.Әуезов атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Бейбіт Оспановтың айтып өткендей, Лисаковск қаласында өткен көктемгі кезеңдегі Қазақстан чемпионатында осы ақтөбелік қарсыластар бас бәйгені еншілеп, атыраулықтарға күмісті қалдырса, бұл жолы жерлестер жеңісті қайтара білген екен.

– Шәкірттерімнің бұған дейінгі облыстық сайыстардағы алымын байқаған облыстық бапкерлер «Атырау U-12» командасы құрамына өнер көрсетуге шақырған еді. Олар сенімді ақтап жақсы ойын өрнектерін көрсете білді. Енді шәкірттерім облыстық құрамамен бірге жақында Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан кубогында қатысады. Соған орай облыстық оқу-жаттығу жиындарына қатысып, шеберліктерін шыңдай түседі, – дейді пән мұғалімі әрі баскетбол бөлімінің бапкер Бейбіт Оспанов.

Саламат Б.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика