Аудан спортының бүгінгі аяқ алысы жақсы

Аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Нұржан Бисенбаевтың айтуынша, бүгінде барлық орта мектептер ондаған пардан шаңғы, конькимен қамтамасыз етілген.

Мектептердің аулаларына мұз алаң құйылып каток жасалып, сырғанақ тебулеріне жағдай жасалуда. Яғни, қысқы спортты дамытуға барлық мүмкіндік бар.

Қуантарлығы, мектептердің арасынан бұл игі істі іліп әкеткендері бар. Мысалы, Жарсуат ауылында Махамбет атындағы орта мектептің жанында тамаша айдын жасақтапты. Жаңадан тағайындалған мектеп директоры Наурызғали Әзербаевтың айтуынша, айдынға «водовозбен» су құйдырып, дайындапты.

- Алдымен мектептің және әкімшіліктің қолдауымен су құйдырып бастап едік. Бұл ісімізді көрген ауылдың жігіттері қолдап кетіп өз жандарынан ақша шығарып құйдырып берді. Мұз айдынының жері тегіс болмағандықтан көбірек су кеткені рас. Келесі жылы оны ескереміз. Мұз айдынымыз жаңа жылға дейін дайын болып, округ әкімшілігінің қатысуымен ашылуын да ұйымдастырып жібердік. Қазір балалар сырғанақ теуіп мәз-мейрам болуда. Ата-аналары айтады, балаларымызды бос уақытында үйден шығара алмасақ, енді сырғанақтың қызығына түсіп жүр, көңіл-күйлері де жоғары, - дейді мектеп директоры Н.Әзербаев.

Осы айдынға куә болған С.Сейфуллин атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Ерлан Өмірбеков мектеп директорына ауыл жастарымен хоккейден жолдастық кездесу өткізуге ұсыныс жасайды. Ұсыныс қабыл алынып, уәдеге сай Индерден аталмыш мектептің мұғалімдері Жарас Әзірбаев, Дәулет Бергенбайұлы, Бексұлтан Тұржанов және газ желілік- өндірістік басқармасының жігіттері Берік Қаражанов, Сәбит Мусин, Дәурен Нұртілесов арнайы формаларын киіп, жолдастық кездесу өткізіп келді. Хоккейдің формаларымен сап түзеп, шеберліктерін паш етуі үлгі тұтарлық (Осы ойын барысын интернет желілерінен тамашалауға болады).

Саламат БАЗАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика