Атыраулықтар Ираннан жүлдемен оралды

16-23 қыркүйек күндері Иран Ислам Республикасында каратэден халықаралық "Urmia Open" турнирі өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әлемнің мықтылары қатысқан сайыста атыраулық спортшы, жасөспірімдер Олимпиада ойындарының жүлдегері Әбілмансұр Батырғали бақ сынап, 67 келі салмақта ересектер арасында қола жүлдеге ие болды. Әбілмансұр Әзірбайжаннан келген қос спортшыны және Армения, Иран, Өзбекстан спортшыларын ұтып, жартылай финалда ирандық спортшыға есе жіберіп алды.

irannn

Ал 16-17 жас аралығында 61 келі салмақта тағы бір жерлесіміз Нұрсұлтан Қалиев алты кездесу өткізіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ол іріктеу кезеңдерінде Иранның үш спортшысын және Түркия мен Әзірбайжан спортшыларын ұтып, ақтық сында тағы бір ирандықты қапы қалдырды. Айта кетейік, енді қос спортшымыз әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Гулхат: Автор: ӨҚК

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика