Атырауда бүкілқазақстандық семинар өтті

сурет atpress.kz сайтынан алынды

Атырауда бүкілқазақстандық Гашуку семинары болып өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізілген бүкілқазақстандық Гашуку семинары өз мәресіне жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

Аталған семинарға облыстық Карате-до Шотокан Федерациясы, Жолбарыс спорт клубы қатысты. Семинарды өткізуге жапондық карате шебері, 9 дан қара белбеу иегері, әлемнің 7 дүркін жеңімпазы, Бүкілдүниежүзілік Карате-до Шотокан Федерациясының аға-жаттықтырушысы Хитоши Касуя арнайы шақыртумен келді.

Гашукудің мақсаты – қазіргі таңда жаттықтырушылар мен жас инструкторлардың, спортшылардың дайындық деңгейін сынап, даму бағытын айқындап, шеберлік алмасу және қара белбеуге емтихан тапсыру арқылы дан дәрежелерін растау.

Жапондық шебердің айтуынша, жаттықтырушылар мен жоғары деңгейдегі спортшылардың дайындық сапасы мақтауға тұрарлық. Дегенмен, одан әрі шеберлікті ұштауды тоқтатпай дами беру керектігін ескертті. Аталған семинарда 20 жаттықтырушы мен спортшы өздерінің қара белбеу дандық дәрежелерінің емтихандарынан өтіп, санатын көтерді.

Сондай-ақ балалар, жастар, жасөспірімдер мен ересектер арасындағы Atyrau Open ашық турнирі ұйымдастырылып, Республика бойынша 150-ге жуық спортшы бақ сынасты. Жарыс жеке және командалық КАТА мен КУМИТЭ бағдарламалары бойынша өтіп, әр жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Айта кетейік, жарыстың жоғары дәрежеде өтуіне ҚуанТрансЛогистик, AJ Media, Smart, Sport Brand компаниялары қолдау көрсеткен болатын.



ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз