Индерлік былғары доп шеберлері Ақтөбе қаласында өткен халықаралық жарыстан олжалы оралды. Аудандық балалар спорт мектебінің бапкері Дархан Әжіғалиев айтып өткендей, жарыс жасөспірімдердің жас ерекшеліктері бойынша ұйымдастырылып, барлығы 16 команда бақ сынасқан.
Нәтижесінде 2009-2010 жылғы балалардан жасақталған индерлік команда 3-ші орынға ие болса, 2013-2014 жылғылар жүлделі 2 орынды жеңіп алды.
Жекелеген ойыншылардың арасынан шеберлігімен көзге түскен Үмбетқали Алинұр үздік қорғаушы атанса, Серік Али үздік қақпашы, ал Жаңғабыл Әлқайыр үздік ойыншы атанды.
Шәкірттеріміздің ішіндегі 2009-2010 жылғы ересек балалар бұған дейін облыс чемпионы болып, республикалық біріншілікте де жақсы өнер көрсетті. Ал 2013-2014 жылғылардың бұл екінші жарысы болатын. Олар да ағаларынан қалмай, жеңіске жетті, – дейді бапкер Дархан Әжіғалиев.
САЛАМАТ Б.