Тоқаев коронавируспен күресудің жаңа шараларын ұсынады

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы шаралар туралы кеңес өткізеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«29 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру шаралары бойынша жиналыс өткізеді. Мемлекет басшысы қазіргі жағдайды бағалайды және халықтың денсаулығын қорғауды жақсартуға бағытталған бірқатар шараларды жариялайды деп күтілуде. Сондай-ақ экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін қарастыру жоспарлануда», - деді Берік Уәли Facebook парақшасында.

Отырысқа үкімет мүшелері, бірнеше басқарма басшылары мен облыс әкімдері қатысады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521