Сайлау: Дауыс беру шетелдегі 44 учаскеде ғана жалғасуда

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының қорытынды статистикасы ертең ұсынылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдегі барлық учаскеде дауыс беру аяқталды. Дауыс беру тек елден тыс жерлерде, 44 учаскеде жалғасады. Дауыс беру процесін кандидаттардың сенімді адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқауды жүзеге асырды. Қорытынды статистика ертең ұсынылады», - деді Константин Петров Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялауға арналған брифингте.

Оның атап өтуінше, астана уақытымен сағат 22-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген 12 млн 35 578 азаматтың 6 млн 521 860-ы бюллетень алды. Бұл дауыс беру тізіміне енгізілген сайлаушылардың 54,19 пайызын құрайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз