Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған – ТМД байқаушылары миссиясы

Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен түзетулер енгізуге арналған референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Мұндай бағаны Тәуелсіз мемлекеттер достастығы байқаушылары мисиясының басшысы Леонид Анфимов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның дерегінше, миссия байқаушылары 5 маусым күні Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы, сонымен қатар Анкара, Баку, Бішкек, Брест, Рига, Дубай, Душанбе, Ереван, Қазан, Мин с к, Мәскеу, Омбы, Оттава, Париж, Бейжің, Санкт-Петербор және Софиядағы референдум учаскелеріндегі дауыс беру барысын қадағалаған. «ТМД байқаушылары 865 референдум учаскесінде болды және дауыс беру процесінің ұйымшылдықпен әрі ашық болғандығын атап өтеді.

Ұлттық және халықаралық байқаушыларға дауыс беру барысын байқау үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Референдум қатысушылары ақпараттық материалдармен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Дауыстарды санау процесі референдум туралы заңнамаға сай өтті. Байқаушыларға комиссия мүшелерінің іс-әрекетін толықтай қадағалау қамтамасыз етілді», - деді Леонид Анфимов.

Оның атап өтуінше, техникалық сипаттағы аздаған әрі болмашы қателіктер болды. Бірақ, ол референдум нәтижесіне еш әсер етпейді. Дауыс беру процесі қолданыстағы заңнамаға сай өтті.

«ТМД байқаушылары миссиясы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен түзетулер енгізу жөніндегі референдум жоғары ұйымдастырылған деңгейде, қолданыстағы заңнамаға өтті деп санайды», - деді ол.          

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521