- Аманат партиясы (53,33%),
 - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы (11,26%),
 - Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы (8,87%),
 - Қазақстан халық партиясы (6,93%),
 - Республикалық партия (8,33%),
 - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (5,12%).
 
Бірақ «Байтақ» жасылдар партиясы өтпеді. Ол ең аз дауыс санын (2,51%) жинады.
«Байтақ» партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртаев наурыздың 19-ы күні экзит-полл қорытындысы жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады.
"Exit-poll қорытындысы бойынша біздің партия парламентке өткен жоқ. Бірақ "Байтақ" партиясы өз күшімен ұсынылған бағдарлама бойынша жұмысты жалғастырады", - деп жазды Азаматхан Әміртаев Facebook парақшасында.
Сондай-ақ, жаңа парламентке ел игілігі үшін қызмет етуді тіледі.
Қазақстандықтардың 3,65 пайызы барлығына қарсы дауыс берді.
                                    
            
            
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
