Құрылтай өткір мәселелерді бірігіп шешетін алаңға айналды

Қазақстанда төртінші жыл Ұлттық құрылтай отырысы өткізіліп, онда ел үшін маңызды мәселелер талқылануда.

Құрылтай үш рет - Ұлытауда, Түркістанда және өзіміздің Атырауда өтті. Құрылтай - бұл жай ғана жиналыс емес, бұл көптеген адамдардың ойларын білдіре алатын орынға айналды. Мұны Президенттің өзі де бүгін айрықша атап өтті.

- Ел ішіндегі өзгерістерге Ұлттық құрылтай мүшелері де орасан зор үлес қосты. Жұртымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, игі істерге жұмылдырды. Алқалы жиын алғашқы күннен бастап жалпыхалықтық жаңғырудың символына айналды. Қоғамдық диалогтың жаңа үлгісі қалыптасты. Өзара түсіністік пен құрмет бар жерде келісім болады. Құрылтайдың түпкі мақсаты да – осы, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Осы орайда, біздің білім ұясы да құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер мен мақсат-міндеттерді іске асыруға атсалысуға бір кісідей дайын екенін жеткізгім келеді. Әсіресе, білім беру саласына қатысты байыпты бастамалар мен оң үрдістерді үзбей, дәстүрлі жалғастыруға біз де бар күшімізді салатын боламыз.

Ерали БИЖАНОВ,

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT