Бүгінгі жауапты науқан - сайлауға Көктоғай ауылы тұрғындары белсенді қатысуда. ✓118 сайлау учаскесі орналасқан ауылдың мәдениет үйінде ұлттық ән, күйден музыка жіберіліп, ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бибігүл Арзаханованың айтуынша, таңертеңгі сағат 9-10 арасында сайлаушылардың біразы келіп, кезекте қалыптасып қалған. Сайлау учаскесінде барлығы 1490 сайлаушы тіркелген болса, сағат 11-де 632 адам дауыс берді. Ал қазіргі сағат 15.00-де дауыс берген сайлаушылардың саны 805 адамға жетті. Сондай-ақ 27 сайлаушыдан үйден дауыс беруге өтініш түскен.
Айта кетейік аталған учаскенің ашылу салтанатында ауылшаруашылық саласының ардагері Бақытжан Хайруллин алғаш болып дауыс берген болатын. Сондай-ақ жас сайлаушы Таңшолпан Медет екеуіне учаскелік сайлау комиссиясы төрағасы Бибігүл Арзаханова естелік сыйлық табыс етті.
С.Сансызбайұлы