Қолөнер бұйымдарын тамашалап өтуде

 

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде орналасқан №110 сайлау учаскесінде сайлаушыларға ерекше жағдай жасалғанына куә болдық. 
Ғимаратқа кіргеннен-ақ ұлттық киім киген қыз-келіншектер сайлаушыларға  наурыз көже ұсынылуда. Әрі ұлттық нақыштағы әндер де  шырқалып көңіл серпілтеді. Сондай-ақ фоеде бейнелеу өнерінің, қолөнершілердің үздік  туындылары  қойылған. Сайлаушылар ұлттық бұйымдарды тамашалап өтуде.
—Көрмеде аудандық өнер мектебінің,  оның "Болашақтағы"  филиалының,  шығармашылық мектебі оқушыларының қолынан шыққан әртүрлі бұйымдары бар. Сонымен қатар мектебіміздің пән мұғалімі Дина Жасмағанбеттің және оқушыларымызды туындылары қосылған. 
Көрмені қоюдағы мақсатымыз ұлттық өнерді насихаттау,  - деді аталған сайлау учаскесінің төрағасы Айман Меңдігерееваны сөзге тартқанымызда. 

С. Сансызбайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT