Ел назары – Атырау көпірінде!

Әсем Астананың шырайын аша түскен «Атырау көпіріне» бүгінде көпшіліктің қызығушылығы өте зор.

Атыраудың лайықты тартуы астаналықтармен  қатар қалаға келген қонақтарының қызықтап қыдыратын бірден бір орнына айналды десем қателеспеймін.

 Атырау көпірінің ашылу салтанатына жолымыз түспей қалған. Бірақ кейін отбасымызбен Астанаға келген қонақтарымызбен бірге арнайы барып тамашаладық. Көпірді қызықтаушы халықтың қарасы өте көп, жағалай көпірдің сәулетіне,  Атыраудың символына айналған «Бекіре» монументіне фотосуретке түсіп жатыр. Көпірмен жалғасқан ашық аспан астындағы амфитеатрда үйлесімін тапқан екен.  Такси жүргізушілерінің айтатыны, «Астанаға келген қонақтардың бәрі Атырау көпіріне апар дейді, нөпір халықтан көпірлері құлап кетпесе жарар еді» деп әзілдейді. Әрине, қала қонақтарының көбі бұған дейін Бәйтерек, Ханшатыр, Океанариум, ЭКСПО ғимараты сынды тағы басқа да сәулеті асқан  нысандарды тамашалап болғандай. Ендігі   Атырау көпірі таңсық көрінеді. Халықтың аяғы саябырсығасын тағы да тамашалауды жоспарлап отырмыз.

Астаналық қатарлас құрбыларым  «Атырау өздерінде жоқ көпірін бізге сыйлапты» деп әзілдейді. Әзіл болса да астарында шындық жатқаны да жасыра алмаймыз. Осындай әсем нысандардың туған жерімізге де салынғанын қалаймыз.

Астанада жолдасым Артурдың қызмет бабына байланысты соңғы бірнеше жылдан бері  тұрамын. Туған жерім- Индер. Индербордағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде оқи жүріп, Республикалық Махамбет оқуларында жеңімпаз танылып, мәдени шараларға белсене араластым. Осы білімімнің арқасында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс қазақстан мемлекеттік университетті сәтті бітіріп, еңбекке араластым.

Астана уақыт озған сайын құлпырып келе жатқанына куәміз. Бірақ шаңы көп болса да бәрінен де туған жерім - Индерім ыстық. Астанада жүрсем де ауылмен үнемі байланыстамын. Әсіресе, фейсбук әлеуметтік жүйесі жақсы болды, ауылдағы  керемет шаралардың барысын Рафхат, Жадыра сынды жастардың және «Дендер» газетінің сайтынан оқып отырамын.

 

Гүлбану ІЗМҰХАНОВА,

Астана қаласы.

 

 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика