Бүкіл әлемде қауіпті індет өршіп тұр

?Токиодағы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті COVID-19 вирусына жүргізілген ПТР тестілеудің 12 оң нәтижесінің анықталғандығы туралы хабарлады — соңғы тәулікте 2 спортшы мен 10 техникалық қызметкер індет жұқтырды. Жалпы олимпиада ойындарында инфекцияның 91 жағдайы тіркелді.

?Әзірбайжан билігі елдегі ерекше карантиндік режимді 1 қыркүйекке дейін ұзартты. Сенбі және жексенбі күндері Үкіметтің шешімімен қоғамдық көліктер, соның ішінде Баку метросы жұмыс істемейді.

?Бірқатар елде коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді: Таиландта – 13 655 дерек, Оңтүстік Кореяда – 1 838 дерек анықталды. Сонымен қатар Индонезияда коронавирустан қайтыс болғандардың тәуліктік жоғары көрсеткіші орын алды – 1 449 дерек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521