Елтай ауылдық округіне қарасты Аққала ауылында орналасқан ✓126 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Гимні орындалуымен басталған дауыс беру науқанында жерлесіміз, облыстың, тіпті еліміздің атағын әлемге танытып жүрген еркін күрестен Азия чемпионы Талғат Сырбаздың әкесі алғаш болып өз дауыс берді. Оған комиссия төрағасы Камалиден Ізімов атыраулық өнерпаз Асқар Харесовтің "Арғымақ жалды Асқармын" атты кітабын ұсынды.