«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов Республикалық партия штабының жұмысын қорытындылады

«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов бейнеконференция байланысы арқылы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді қолдау мақсатында құрылған Республикалық партия штабының қорытынды отырысын өткізді деп хабарлады turkystan.kz.

Жиын барысында партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов және ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев баяндама жасап,  ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қорытындылады. 

«Жалпыұлттық референдум жүзеге асты. Азаматтар Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды қолдап, елде демократиялық сана-сезімнің күшейгенін көрсетті.

Президенттің жуырда ғана жарияланған Үндеуінде атап өтілгендей, азаматтар нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетті, Қазақстанның қарқынды дамуына зор үлес қосты», – деді партия Төрағасы. 

Сондай-ақ азаматтардың өтініштері мен талап-тілектерін жинау бойынша республикалық акция да өткізілді. Барлығы 20 мыңнан аса ұсыныс түсті.  Жиын соңында Ерлан Қошанов штаб мүшелеріне атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Елдегі саяси жүйенің алдағы уақытта өзгеруін ескере отырып, партияның Орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының жұмысына қатысты нақты тапсырмалар берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521