«Ауылдағы пошта барлық қызметті атқарады»

Индер аудандық  пошта  байланыс  торабы – халыққа сан-салалы қызмет түрлерін көрсететін ауданымыздағы іргелі мекемелердің бірі. Аудан халқы, мекеме-кәсіпорындары  біздің                  клиенттеріміз   болғандықтан бізге  үлкен жауапкершілікті жүктеумен қатар, игі бастамалар мен өзгерістерді жасауға  серпіліс береді.  Қазіргі таңда пошта  қызметкерлерінің басты  міндеті әр клиенттің  талғамына, сұранысына сай  сапалы қызмет көрсету болып отыр

Біз үшін  2017 жыл  ауқымды істер  мен  жетістіктерге  толы   болып, 74555 мың теңге табыс тауып, 2800  мың теңге таза пайдамен жылды табысты аяқтадық. Соның арқасында  тапқан таза пайда есебінен, биыл операторлар мен пошта тасымалдаушылардың  еңбекақылары 15 пайызға  өсірілді. Сонымен қатар, операторлардың кейбір операциялық қызметіне байланысты мотивациялық жүйе арқылы қосымша сыйақы төленеді. Ұжым 33 қызметкерден  тұрады. Оның  ішінде 13 қызметкер ауылдық пошта байланыс бөлімше қызметкерлері. Ұжым  қызметкерлерінің дені әйел адамдар.

Пошта бөлімшесінің басты міндеттері-тұрғындарды басылымдармен дер кезінде қамтамасыз ету, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар,  жалақылар мен басқа да төлемдерді уақытында беру, Қазақстан  Республикасы аумағына  және басқа шет елдерге ақша аударымдарын жөнелту және төлеу, салық және  коммуналдық, басқа да  төлемдерді  қабылдау, хат-хабарлар, интернет тапсырыстар мен сәлемдемелердің тұрғынға дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз ету, валюта айырбастау-сату, заңды және жеке тұлғаларға шот ашу, кассалық операция  жургізу, сонымен қатар мекеменің ережесінде бекітілген басқа да міндеттерді орындау.

Аудандық пошта байланыс торабының құрамында кент тұрғындарына қызмет көрсететін 1 орталық  операциялық учаскесі, Халыққа қызмет көрсету орталығынан ашылған  төлем қабылдау пункті мен ауылдық округтердегі тұрғындарға қызмет жасайтын 6 және Құрылыс, Ынтымақ, Аққала, Кетебай, Бұхар  сияқты елді мекендерді  қамтитын жылжымалы пошта бөлімшелері қызмет етеді. Аталған пошта бөлімшелері түгелдей автоматтандырылған, заманауи модернизацияланған. Жаңа бағдарламалармен және интернет жүйесімен жұмыс жасай білетін білікті мамандармен қамтылған. Орталық операциялық учаскесі заманауи үлгіде жасақталған. Барлық операторлардың жұмыс орны жеке кабиналармен, бейнекамералармен, электронды кезек жүйесімен  жабдықталған. Қазіргі таңда  тізіммен  және жеке шоттардан  алатын зейнеткерлер мен еңбекақы алушыларды банкомат карточкалары арқылы төлеуге ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл үшін  орталық  бөлімшеде 1 банкомат, 2 POS  терминал, барлық ауылдық пошта бөлімшелері бір - бірден POS терминалдармен қамтылған. Алдағы уақытта аудан орталығына тағы 1 банкомат қою жоспарланып отыр. 

 Қазіргі уақытта  заман талабына сай  поштаның  көрсететін қызмет аясы кеңеюде. 2017 жылдан бастап  теміржол билеттері мен авиа билеттерін сату жұмысы қолға алынып, халық тарапынан зор сұранысқа ие болып отыр.

2017 жылы Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесінің билеттерін сатып өз үлесін қосты. Аудан бойынша  біздің  мекемеден  2700- ден астам  билет сатылды. Тағы бір айта кететін жай, «Тұрғын үй  жинақ банкі» депозиттік  шоттарын ашу және толықтыру  жұмыстары  жүргізілуде. Атырауға  бармай-ақ біздің  пошта бөлімшелерінен шот ашып, әрмен қарай ай сайын депозиттік шотыңызды толықтырып отыруыңызға әбден болады.

Заман  ағымына сәйкес, халықтың сұранысын қамту мақсатында «Хоум банк» пен «Альфа банктің» несие рәсімдеу нүктелері орталық операция учаскесі және Көктоғай, Есбол ауылдық пошта бөлімшелерінен ашылды. Алдағы уақытта тағы 6 екінші деңгейлі банктермен келісімшарт жасалып, несие рәсімдеу нүктелерін ашу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Бұл бізге екінші деңгейлік  банктермен  тығыз байланыс орнатуымызға, оларға Қазпошта арқылы несие айналымдарын көбейтуге, ал клиенттерге, яғни халыққа облыс орталығына  бармай-ақ,  аудан орталығынан  несие аларда банк таңдау  мүмкіндігін  қолжетімді  қылады.

Әр учаскеге бөлінген пошта тасымалдаушылар жазғы және қысқы мезгілге негізделген арнайы көліктермен (арба, велосипед) және арнайы маман  киімдермен  қамтамасыз етіліп  отыр. 2017 жылы барлық пошта тасушыларға тапсырысты хаттар таратылғаны жөнінде мәлімет құятын бағдарлама енгізілген смартфондармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 2017 жылы пошта тасымалдау жұмысының сапасын арттыру  мақсатында тағы брондалған жаңа 2 автокөлік берілді. Бір сөзбен айтқанда жұмыс жасауға барынша мүмкіндіктер жасалуда.

Халыққа көрсетілетін қызмет аясының өсуіне байланысты болып жатқан өзгерістерді тез меңгеру мақсатында және мамандардың біліктілігін әрдайым арттырып отыру үшін бекітілген кестеге сай қызметкерлер арнайы курстар мен семинарларға қатысып, оқып келеді.

Қазпошта көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу немесе болдырмау  мақсатында, сонымен қатар пошта қызметі барысында кез келген сұрағыңызға жауап беретін 1499 нөмірлі бірыңғай байланыс орталық телефоны тәулік бойы жұмыс жасайды, бұл жөнінде жергілікті баспасөз арқылы тұрғындарға хабарланды.

Халыққа қызмет еткеннен кейін қиыншылықсыз болмайды. Пошта байланысының  жұмыс сапасына  кейбір әсерлі  факторлар  ықпал етеді. Мәселен, кенттегі көпқабатты үйлерде абонементтік жәшіктер жоқ. Пошта тасушылар әр қабатқа тасып беруге мәжбүр. Бұны тиісті орындардың ескергенін қалаймын. Тағы да айта кететін жағдай, кентте  қаңғыбас иттер көп, пошта тасушыларға бұл үлкен қиындықтар келтіріп, итке қабылу жағдайлары орын алуда. Тиісті органдардың осы қаңғыбас иттерге байланысты халық арасында  түсінік жұмыстарын жүргізіп, иттерін күндізгі уақытта аулаларынан шығармай  байлап ұстауға  ықпалын тигізсе  пошта тасушыларға көп көмек болар еді. 

Аталған мәселелер болғанменен біз әрқашан халыққа қызмет етуге дайынбыз.

Ал, үш айы артта қалған 2018 жылға қойылған жоспарларымыз көп әрі олар біртіндеп орындалуда. Айталық, қаңтар айында барлық бөлімшелердегі компьютер жабдықтары түгелдей  жаңартылды.

Жалпы ауданымызда 33505-ке жуық халық болатын болса, басым көпшілігі республикалық және жергілікті басылымдармен қамтамасыз етіліп, яғни аудан бойынша баспасөзге жазылу 2018 жылға 91,7% құрап отыр. Оның ішінде мемелекеттік тапсырыстағы басылымдарға жазылу жоспары аудан және округ әкімшіліктерінің   қолдауымен 102% орындалды. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында басқа облыстар мен  аудандардың   іс-тәжірибелерімен алмасу жақсы үрдіске айналып отыр. Басылымменайналысатын   мамандар әрбір мекемеге, халық көп шоғырланатын   базарлар мен  сауда орталықтарына барып, түсінік жұмыстарын жүргізіп, сол жерде баспасөзге жазып, қолдарына түбіртек беріп отырады. Жазылған басылымдар арнайы базаға құйылады. Мұның өзі пошта бөлімшесінің аудандағы барлық мекемелер мен қоғамдық ұйымдар, жергілікті кент және ауылдық округтермен, аудан әкімі аппаратына қарасты бөлімдермен тығыз қызметтік байланыста екендігінің көрінісі.

Қазір уақытта өздеріңіз білетіндей ғаламтор арқылы тауар алу үрдісі кеңінен тараған. Осыған байланысты халық наразылығын тудырмау мақсатында үзіліссіз қызмет көрсететін заманауи құрылғы «Почтаматқа» сұраныс беріліп отыр. Егер бұл мәселе оң шешімін  тауып,  Почтамат құрылғысы қондырылса, бұл халық келген немесе жөнелтетін сәлемдемелерін үзіліссіз, кез келген уақытта алып, сала алады.

Биылғы жылдың басты жаңалығы – орталық пошта ғимараты мен Көктоғай, Өрлік, Есбол, Жарсуат пошта бөлімшелеріне күрделі жөндеу жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Бұның өзі жігерлендіріп, жұмысымыздың жандануына септігін тигізері сөзсіз.

Түйіндей айтқанда, халыққа қалтқысыз еңбек етіп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерімізді қоса береміз.

Айдар Асқарұлы,

 

Индер аудандықпошта байланысторабының басшысы

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика