Индер аудандық сотында медиацияның рөлі тақырыбында дөңгелек үстел өтті және медиацияның арнайы кабинеті ашылды.
Сот төрағасы Дина Тұхфатованың айтуынша, бүгінде кейбір отбастарында түрлі келіспеушіліктер орын алса ерлі-зайыптылар бірден ажырасуға арыз жазады, бәлен жыл көрші отырып аяқастынан бір қарыс жерге таласады, қарызға ақша беріп, оның өсімпұлын талап етеді, т.б. мәселелер көбейіп барады. Бұл дауларда соттап шешуді емес, бітіммен-ақ шешуге болады, сондықтан да бұл арада медиаторлардың маңызына айрықша.
Аудандық соттың судьясы Әділ Құспанов айтып өткендей, ашу үстінде соттасқанша сабырлық танытып, татуласқан екі тарапқа қай жағынан да тиімді.
Сонымен қатар судья теріс қылық жасаған бала үшін полиция қызметкерлері хаттама толтырарда көбіне аналарын жауапкершілікке тартатындығын, ал әкелері одан тыс қалатындығын, бұған соттағы әкімшілік істер куә екендігін, сондықтан да отбасындағы әкелер жауапкершілігіне де баса назар аудару керектігін айтты.
Аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов сәл ағаттық жасаған мектеп оқушыларын да бірден қатал тәртіптік шарасын алмай, осындай алдымен келісуіне жағдай жасалса, бұл бағытта аудандық ішкі істер мен білім бөлімі арасында мемарандумға отырып, мектеп медиациясын енгізсек бұл екі тарапқа да пайдалы болар еді деген пікірін білдірді.
Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Эльмира Төлепбергенова, қызметкер Гүлфара Егізбаева бұған дейінгі тіркелген 12 медиатордың жұмысы және тағы басқа мәселелер бойынша айтып өтті. Сонымен қатар жиында округ әкімдері Ербол Дүйшім, Жанболат Қизатов, Ерболат Сабиров, Ролан Тұрабаев, медиатор Бағытжан Құнас және тағы басқалары сауалдарын қойып, пікірлерімен бөлісті.
Ендеше, жаңа ашылған медиация кабинеті арыздасқан талайды татуластыруға сеп болады деген сенімдеміз.
Саламат БАЗАРБАЕВ.