«Жұлдызай» жұлдыздарды жақты

Аптаның дүйсенбісінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасында аудандық «Астана – бақыт бесігі» тақырыбында «Жұлдызай» фестивалі өтті. Жыл сайын өткізілетін байқаудың мақсаты –мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетіп, оларды шығармашылыққа және өнерге баулу.

Бұл жолғы сайыс хореография, вокал, ән орындау, көркем-қолданбалы мен бейнелеу өнері және асық ату, эстафета бағамы бойынша ұйымдастырылып, оған аудан мектептерінен барлығы 40-қа жуық жас дарындылар қатысып, бақтарын сынады. Айталық М.Әуезов, Қ.Абаханов, Б.Нысанбаев, М.Сиранов, Махамбет, Жамбыл атындағы орта мектептерінің оқушылары Ақнұр Қуанғалиева, Хадиша Абуова, Абылай Меңдеш, Анел Қабдуалиева, Нұрай Тоқтарбай, Нысанқайыр Жаңбырбаев, Орынай Жолдасқызы, Дильназ Мұхитова, Батима Саудабаева әсем әуезді әндерді әдемі әуелетсе, Ақбота Қойшығұлова мың бұрала биледі. Ал М.Әуезов, Қ.Есқалиев, С.Сейфуллин, Махамбет, «Көктем» қазақ орта мектептерінің оқушылары Рамазан Утеналиев «Хан шатыры», Жамиля Рашева «Ұлттық нақыштағы кәде сый», Лаула Жасен «Бәйтерек», Арсен Абубакиров «Астана – бақыт бесігі», Асылай Өтеуова «Ою-өрнектен әшекейлі тұмар», Әліби Қамашев «Ағаштан қол өнер», Ернар Махамбет «Көрікті көктем» секілді қолөнер бұйымдарын таныстырса, бейнелеу өнері бойынша Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, Жамбыл, «Көктем» қазақ орта мектептерінің оқушылары Дамир Қадыр «Тәуелсіздік тұғырым», Айя Халенова «Гүлдене бер Қазақстан», Думан Бегім «Астана – бақыт бесігі», Кенжебек Қапсихов «Бәйтерек», Нұрмұхаммед Еркінғали «Біз бақытты баламыз» тақырыптарында  майлы  бояумен  салған суреттерін сөйлетті. Сондай-ақ асық ату, эстафета ойындарында кіші және үлкен топқа бөлініп 18 бала сайысты. 

Жалпы жарыс қорытындысында қатысушылардың барлығын әділ-қазы мүшелері Алғыс хат пен естелік сыйлықтармен марапаттады. Ал, өз кезегінде үздік деп танылғандар алдағы уақытта облыстық кезеңге жолдамаға ие болады.

 

Д.АЙБАРОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT