«Сарайшық» журналы жарық көрді

Бүгін Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Сарайшық» журналының тұсаукесері өтті.

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Атырау-ақпарат» медиахолдингі жанынан шығатын мерзімді басылым әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта болмақ. Журнал беттерінен тек облыс аумағындағы ақын-жазушылардың ғана емес, еліміздің қабырғалы қаламгерлерінің бұрын-соңды жарық көрмеген тың дүниелері жарияланып тұрмақ.

zhurnal

- Журналдың «Сарайшық» аталуының өзіндік символикалық ерекше мән-мағынасы бар, - дейді, «Атырау-ақпарат» медиахолдингі өкілдері.

- Кезінде өркениеттің бастауы болған бұл шаһар Ұлы Жібек жолы бойындағы ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің мәңгі мәйегіне, руханиятымыздың ғажайып ошағына айналған. Ендеше осынау шежірелі шаһар атауы келешекте ұлттық санамыздың баға жетпес асыл қазықтарының бірі болуы тиіс.

asanali

Басылымның ақылдастар алқасында ақын, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, композитор, жазушы, өнер зерттеушісі Илья Жақанов, ғалым, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес секілді көрнекті қаламгерлер мен ғалымдар бар.

Журналдың салтанатты тұсаукесер рәсіміне облыс басшылығы, жергілікті журналистер мен ғалымдар, сондай-ақ, Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев, Ғалым Жайлыбай, Светқали Нұржанов, Жанарбек Әшімжан, Бауыржан Халиолла, Дәулеткерей Кәпұлы секілді ұлт зиялылары қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521