Жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің Қаулысы бойынша өңірлерде ораза айт намазын жамағатпен оқуға рұқсат етілді, деп хабарлайды ATPress.kz
Бұл туралы ҚМДБ ресми мәлімдеме жасаған болатын.
«Қадірменді жамағат! Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатындығын қуанышпен жеткіземіз», делінген хабарламада.
Діни басқарманың мәліметіне сәйкес, мешітке келушілер санитарлық нормаларды қатаң сақтануы қажет.
- Бетперде (маска) киіп келу;
- Үйден дәрет алып келу;
- Намаздан соң қол беріп амандаспау;
- Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;
- Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
- Өзімен бірге жайнамаздың болуы;
- Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.
Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Айта кетейік, Ораза айт намазы Атырау облысы бойынша 13 мамыр күні сағат 07:00-де мешіт аулаларында оқылады.
ATPress.kz