Кәсіподақ жастарға не береді?

Өткен аптада кәсіподақ ұйымының құрамындағы білім қызметкерлерінің қатысуымен «Кәсіподақ және жастар: болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында I аудандық жастар форумы «Борат» мәдениет үйінде өтті. Ауданның торқалы тоқсан жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада аудандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Қалжан Ахметова сөз алып, тақырып турасында баяндама жасады.

–Кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары барлық саланы қамтитыны сөзсіз. Оның ішінде қоғамның негізгі күштері жастары екені белгілі. Біз жастармен жұмысты жандандыруға тиіспіз. Өйткені олар қоғамның барлық бағытында еңбек етеді. Сол бағыттың бірі –  білім саласы. Аудандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағында бүгінде отыз бастауыш және бір студенттік жастардың кәсіподақ ұйымы біріктіріліп отыр. Ондағы барлық кәсіподақ ұйымының саны 2079 адамды құрайды. Кәсіподақ ұйымының бастың міндеттерінің бірі заманауи жастар саясатын жүзеге асыру арқылы кәсіподақ қатарына тарту, сол негізде кәсіподақтың жастар қанатын құру олардың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесу болып табылады. Ендігі аудандағы кәсіподақ ұйымының жұмысын жастар арқылы жандандырып жүзеге асырамыз. Жастардың кәсіподақпен бірлескен жұмысы жалғаса берсін,-дей келе, аудандық комитеттің Құрмет грамотасымен М.Әуезов және «Көктем» қазақ орта мектебінің мұғалімдері Абзал Қуанжан мен Жанар Бексұлтанова, аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің мұғалімі Бағдат Абенов және III курс студенті Аяжан Қатап, «Балапан» мектепке дейінгі мекемесінің қызметкері Шынаргүл Төлеген, аудандық өнер мектебінің мұғалімі Гүлайзат Жанатты марапаттады.

Мінберге көтерілген облыстық кәсіподақ ұйымының жастар ісі жөніндегі маманы Райымбек Сафиоллаев республика, облыс тіпті аудан көлемінде кәсіподақ ұйымы қай кезде де жастармен бірге екенін және сол бағытта жұмыс жасап келетіндігін сөз етті.

– Әрбір жас маман өзінің құқығын біліп, Тәуелсіз қазақ елінің жалынды жастарының қатарын көбейтіп әрі қарай еліміздің еселене түсуіне, қарқынды дамуына оның үстіне бүгінгі заманда индустрияландырған жаңа технологиялардың жүзеге асуына кейінгі жастардың еңбегі зор, - деп жастарға сенім артып, облыстық кәсіптік одағының Құрмет грамотасын аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің, Есбол, Қ.Абаханов, Өнер, «Көктем» қазақ орта мектебінің мұғалімдері Гүлмиза Әжігереева, Ботакөз Халықова, Махаббат Алиева, Ерболат Каримов, Наурызбек Таңатаровқа табыс етті.

Форумда кәсіподақтың кең көлемде өркен жаюына елеулі еңбек сіңіріп келе жатқан Жамбыл атындағы орта мектебінің мұғалімі Шолпан Дүйсекенова кәсіподақтың мүшесі болу – бүгінгі күні еңбек еткен әр адамның мұқтажына айналуы тиіс екенін, бұл тек құқықтық, материалдық қолдау ғана емес, адамзаттың ұстаным көрсеткіші, ұжымдағы қауымдастық пен ынтымақтастың куәсі деп білу керектігін баса айтты. Сонымен бірге кәсіподақ жетекшісінің басты міндеттерін де мәлімдеді. Ал көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің III курс студенті Аяжан Қатап кәсіподақ жайында өз ойын білдірді.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған форум аясында «Индерім – алтын бесігім» тақырыбында өткен аудандық мүшайраның қорытындысын аудандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Қалжан Ахметова жариялап, үздіктерді ұлығылады. Нәтижесінде біріншіні Айгерім Ағыраева (Жамбыл), екіншіні Алтынай Ғарифуллина (Көктем), үшінші Айкөркем Бақтыгереева (Ш.Уәлиханов) мен Айгүл Алдонғарова (Оқушылар ш/о) еншіледі.     

Форумның екінші бөлімінде «Көктем» қазақ орта мектебінің мұғалімі Алтынай Ғарифуллина сиясы кеппеген жыр-шумақтарын оқыса, «Інжу-маржан» би тобы мен «Сымбат» бишілері тобы мың бұрала биледі. Ал Өнер мектебінің мұғалімдері Айнара Патихова «Қазақ елі», Перизат Таңатар «Қос бәйтерек», Қадірбек Әмірғали «Сәйгүлік» әндерін шырқаса, Айдар Алиев баян аспабында «Адай», Серік Нысанов, Айдана Қапашева, Азамат Жеңісов «Күй тартысты» орындап көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Соңында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айкөркем Бақтыгереева жастарды рухани жаңғыруға шақырып, болашақтың бүгіннен басталатынын қаперге беріп, жастар форумның үндеуін жария етті.

Міне, ауданда алғаш өткізіліп жатқан жастар форумын Ерболат Каримов «Жастар ұраны» әнімен түйіндеді.  

Диас АЙБАРОВ.

 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика